Алдағы үш жылдың бюджеті экономикалық ахуалдың өзгеруіне байланысты күрделі болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы үш жылдың бюджеті экономикалық ахуалдың өзгеруіне байланысты күрделі болмақ

17.06.2015
Алдағы үш жылдың бюджеті экономикалық ахуалдың өзгеруіне байланысты күрделі болмақ

«Біз қазіргі уақытта алдағы үш жылдың бюджетін әзірлеудеміз. Бұл бюджет жай емес, ол экономикадағы ахуалдың өзгеріске ұшырауына байланысты бұған дейінгі бюджеттен өзгеше болады. Бұған қоса, қазіргі уақытта комиссия жұмыс істеуде», - деді ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов.

Сондай-ақ, отырысыта белгілі болғандай былтырғы жылы республикалық бюджеттің пайдалану кезінде 32 миллиард теңге игерілмеген.

Есеп комитеті төрағасының мәліметінше, жүйелі проблеманың бірі – бюджеттің сапасыз жоспарлануы.

Бюджеттік өтімділікті есептеулердің толықтылығы мен нақтылығы қамтамсыз етілмесе де, техникалық құжаттамасы мен негіздемесі болмаса да, бірқатар жағдайларда республикалық бюджет қаражаты бөлініп отырған. Осының барлығы бағдарламалық құжатты әзір леуге кері әсерін тигізген.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу