Валюта бағамының өзгеруі отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Валюта бағамының өзгеруі отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді

14.02.2014
Валюта бағамының өзгеруі отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді
 
Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов Үкімет валюта бағамының өзгеруіне байланысты қалыптасқан жағдайға тиісті шаларды қабылдайтынын айтты.
 
«Алдағы уақытта Ұлттық валюта бағамын түзету шаралары отандық тауарлар мен оларды өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға оң ықпал етеді деп пайымдайымыз. Сонымен қатар, кейбір отандық тауар өндірушілерде қиындықтар туындауы мүмкін екенін түсінеміз. Негізінен олар жаңа өндірістерді құру  немесе қолданыстағы өндірістерді жаңғырту үшін валюталық несиелер есебінен құралдар мен материалдарды импорттайтындарға қатысты болмақ», - деді С.Ахметов.
 
Осы орайда Үкімет басшысы қалыптасқан ахуалға талдау жасалып, қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Хабарламаларға жазылу