Кукушкин BNP Paribas Open турнирінің үшінші айналымына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кукушкин BNP Paribas Open турнирінің үшінші айналымына шықты

10.03.2014
Кукушкин BNP Paribas Open турнирінің үшінші айналымына шықты
Қазақстандық спортшы Михаил Кукушкин канадалық тенисшіні жеңіп, BNP Paribas Open турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын 1 сағат 4 минутқа созылып, 6:0, 6:2 есебімен Кукушкиннің пайдасына шешілді.

Әлемдік рейтингте 58-ші орында тұрған Михаил Кукушкин ойын барысында бірде-бір қос қателік жібермей, өз есебіне бес брейк-пойнт пен екі эйс жазды.
 
 Ал оның әлемдік рейтингте 23-ші сатыда тұрған қарсыласы канадалық Вашек Поспишил екі эйс жасап, бір рет қос қателікке бой алдырды.
 
Жеке кездесу бойынша Кукушкин 1:0 есебімен алға шықты.

Хабарламаларға жазылу