Астанада Әлихан Бөкейханға арналған конференция өтеді

6 наурыз күні Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Әлихан Бөкейханның туғанына 148 жыл толуына арналған «Әлихан Бөкейхан – «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көсемі» атты конференция өтеді.
Конференцияның мақсаты – Алаш көсемінің 150 жылдық мерейтойы қарсаңында қолға алынатын шараларды жүйелеу, оның шығармашылық мұрасымен таныстыру, қоғам қайраткерлері мен алаштанушы-ғалымдардың мерейтойға қатысты ұсыныс пікірлерін есепке алу.
Шара барысында «Бабалар қорымындағы» Смағұл Сәдуақасов пен Кенесары хан сарбаздарының рухына зиярат етіліп, «Бөкейхан Әлихан. Шығармаларының 9 томдық толық жинағы – Полное собрание сочинений в 9 томах» жинағының тұсаукесері болады. Сонымен қатар, Әлихан Бөкейхан рухына құран бағышталып, ас берілмек.
Әлихан Бөкейхан ХХ ғасыр басындағы қазақтың ұлт-азаттық Алаш қозғалысының негізін қалаушы әрі саяси жетекшісі ретінде Қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру ісінде шешуші рөл атқарды.
Қазақстанның тәуелсіз ел атануының алғышарттарын қалыптастыруға тікелей мұрындық болды. Конференция барысында қатысушылар тарих үшін аса маңызды мәселелерді талқылай келе, Қарар қабылдамақ.
Шараға Бақытжан Ертаев, Алдан Смайыл, Азат Перуашев, Мұрат Бақтиярұлы сынды бірқатар халық қалаулыларымен қатар, Ерлан Сыдықов, Дихан Қамзабекұлы, Амантай Шәріп, Тұрсын Жұртбай, Кемел Мырзакелді, Қайрат Сақ, Намазәлі Омашев және т.б. ғалымдар қатыспақ.
Сондай-ақ, Алаш қайраткерлерінің ұрпақтары қонақ ретінде шақырылып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сурдлимпиада ойындарының басталуына 1 ай қалды
20.10.2025, 17:36

«Капитан Байтасов» фильмі прокатқа шығады
20.10.2025, 17:32
Астанада Әкім Тарази тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
20.10.2025, 17:30
Астана оқушылары қайта өңделетін материалдардан бұйым жасады
20.10.2025, 17:25
Қызылорданың тұңғыш астана атанғанына бір ғасыр болды
20.10.2025, 17:22
Республика күні – ел еңсесін көтеретін мереке
20.10.2025, 17:20
Қарағанды облысында мемтапсырыспен салынған үйлер сапасыз болып шықты
20.10.2025, 17:17
ШҚО-да биыл 425 рет жәрмеңке ұйымдастырылған
20.10.2025, 17:15