Қызылорданың тұңғыш астана атанғанына бір ғасыр болды
Биыл Қызылорда қаласының тұңғыш астана болғанына 100 жыл. Осыған орай Сыр өңірінде тарихи-тағылымдық шаралар өтіп, айтулы мерейтойды шаһар жұртшылығы дүркіретіп тойлады.
1925 жылы Қазақ АКСР-ның алғашқы астанасы атанған Қызылорданың ұлт руханиятында алатын орны ерекше. Ғасырлық тойда ғалымдар мен тарихшылар ғылыми-конференцияда бас қосып, өткен кезеңдегі деректерді қайта жаңғыртты. Алаш зиялыларының ел мүддесі мен егеменді мемлекет үшін ұмтылу жолындағы маңызды қадамдар Сыр өңірінен бастау алғаны тарихи құжаттарда жазылған.
Берекет Кәрібаев, т.ғ.д., академик:
Жалпы қазақ сөзінің ғылымда өзекті болып, күн тәртібіне қойылғанына 3 ғасырдай уақыт өтті. Қазіргі кезде Қызылорданың астана болуының 100 жылдығы және өзіміздің ресми этникалық атауымыз «қазақ» сөзінің қайтып келуінің 100 жылдығы қазіргі кезде ең өзекті тақырыптарының бір.
Тұңғыш астана атанған Қызылорда бүгінде еліміздегі әлеуметтік-экономикалық әлеуеті дамыған, келбеті келіскен шаһарға айналды. Осынау айтулы мерейтойда 11 мың орындық жаңадан салынған заманауи стадионда өнерпаздар театрландырылған көрініс қойып, тұрғындар алғаш рет дрондар шоуын тамашалады. Мерекелік кеште елімізге танымал эстрада әншілері өнер көрсетіп, от шашуға ұласты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
