Басты Жаңалықтар ШҚО-да биыл 425 рет жәрмеңке ұйымдастырылған

ШҚО-да биыл 425 рет жәрмеңке ұйымдастырылған

Биыл еліміз бойынша тек Шығыс Қазақстанда ғана 425-тен астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде халыққа 1 миллиард 200 миллион теңгенің өнімі сатылған. Тамыз айынан бастап тұрақтандыру қорына өңірдің өзіндегі шаруалардан 10 мың тоннаға жуық көкөніс сатылып алынды. Ал «Туған жер – алтын бесігім» деген атаумен апта сайын жайылатын жәрмеңкедегі баға нарықтағыдан 10-15 пайызға арзан.

-  Жаздай күткеміз жәрмеңкені. Бұл жерге келгенімізге 2-3 ай болды. Өте керемет нәрсе екен негізі. Өзіме ұнайды негізі. Халыққа да ұнайды ғой деймін. Мен жақын арада тұрам. Көп келіп жатады.
- Осы ауылдың өнімдерін сондай жақсы көремін. Міне жаңа Алтынхан апамыздан ірімшік алдым. Қолдың майын алам. Қолдың қаймағын алам. Бізге өте тиімді. Арзан баға.

Арзан болатыны әр шаруашылық иесі еті мен сүтін, қаймағы мен айранын және көкөнісін еш делдалсыз өздері сатады. Ал жәрмеңке өткізілетін жердегі орын кәсіпкерлерге тегін беріледі. Бұған дейін 4 ауданның тауар өндірушілері келді. Бұл жолы өскемендіктерге  Қатонқарағайдың шаруалары өнімін саудалады.

Әли Архатұлы, Қатонқарағай ауданы әкімінің орынбасары:

Жәрмеңкеге 20 шаруа қожалық өнімдерін алып кеп сатылымға шығарып отыр. Қазіргі уақытта жылқы етін нарықтық бағадан 10 пайызға төмен сатып отырмыз. 3100 теңгеге. Сиыр етін 3300 теңгеден.

Қарашаның бірінен бастап тұрақтандыру қорына жиналған өнім сатылымға шығады. Биыл өңірлік кәсіпкерлік корпарация шаруалардан 10 мың тоннадан астам өнім сатып алған. Енді сол көкөністің көп түрі қаладағы жиырмаға жуық әлеуметтік дүкенде саудаланады. Ал аймақта  азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін атқарылатын жобаларды көру үшін Сауда және интеграция минстрі өзі келіп, жәрмеңке аралап, қоймаларға барды.

Арман Шаққалиев, Сауда және интеграция министрі:

Мына тұрақтандыру қорлары айтатын болса, біздің негізгі мақсат – біз анықтадық: Қаржыландыру жағынан 2 есе көбейту керек. Неге десеңіз, ол деген маусымаралық кезде әсіресе мына көгөністерді алатын болсақ, басқа өнімді болсын ешқандай тапшылық болмауы керек. Керек кезде тауарлық интервенция жасап өзіміздің ішкі нарықты толтыру керек.

Ішкі нарық толу үшін өңірдің өзінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіріп, өңдейтін кәсіпкерлерден тұрақтандыру қорына тауар сатып алуға басымдық беріледі. Түпкі мақсаты – үйдегі көңіл күйді базардағы бағаның бұзбауы.


Бөлісу