Ярослава Шведова Бразилия турнирінің ширек финалына өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ярослава Шведова Бразилия турнирінің ширек финалына өтті

27.02.2014
Ярослава Шведова Бразилия турнирінің ширек финалына өтті
Ярослава Шведова Бразилияда өтіп жатқан «Brasil Tennis Cup» турнирінің ¼ финалына өтті. Бұл туралы Қазақстанның Теннис федерациясы хабарлады.
 
Екінші айналымда ол чехиялық спортшы Барбара Захлавова-Стрыкованы - 6:2, 7:5 есебімен басып озды. Енді ширек финалда ол турнирдің алтыншы ракеткасы румын теннисшісі Александра Кадантумен кездеседі.
 
Сонымен қатар, қазақстандық спортшы жұптық сында өнер көрсетуде. Анабель Медина Гарригеспен жұптасып шыққан Шведова екі матчта жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Турнирдің сыйақы қоры 250 мың долларға тең.
 

Хабарламаларға жазылу