Инчхон-2014. Қазақстандық теннисші қыздар Азия ойындарының жартылай финалына өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Қазақстандық теннисші қыздар Азия ойындарының жартылай финалына өтті

22.09.2014
Инчхон-2014. Қазақстандық теннисші қыздар Азия ойындарының жартылай финалына өтті

Бүгін теннистен Азия ойындарының ширек финалдық ойындары өтті. Қазақстан құрамасының қыздары (жарыстың 2-ші нөмірі) Үндістан спортшыларын 2:1 есебімен ұтты.

Бірінші ойында Юлия Путинцева Пратана Гулабрао Томбарені 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Ал Ярослава Шведова Анкита Равиндеркришантан 7:5, 7:6 есебімен басым түсті.

Қазақстандық тенисшілер жартылай финлада Тайбэй немесе Таиланд құрамасымен ойнайды.

Фото: sport.nur.kz

Хабарламаларға жазылу