«Астана арландары» жекпе-жек алдында бір боксшысын алмастырды
Қазақстандық клуб кубалықтармен болатын жекпе-жек алдында өзінің жеңіл салмақтағы боксшысын алмастырды. Енді Азамат Исақұловтың орнына жаңадан келген Теміртас Жүсіпов шығады. Исақұлов шаршы алаңға 49-келі салмақта Йосбани Вейтиаға қарсы шығу керек еді. Алайда бапкерлер бұл жекпе-жекке «арландарға» жаңадан қосылған Теміртас Жүсіповты шығаруды жөн көріпті.
Теміртас Жүсіпов Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі, 2013 жылдың шілдесінде Азия чемпионы атанған. Қазіргі уақытта еліміздің 49-келі салмақтағы чемпионы, бірнеше халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Оның қарсыласы болатын кубалық Йосбани Вейтиа Алматыда өткен әлем чемпионатына қатысқан болатын. Онда ол жартылай финалда Біржан Жақыповқа ұтылған еді.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана арландары» мен «Куба домадорес» шаршы алаңға 22-ші ақпан күні таңда шығады. Кубалықтар «В» тобында 21 ұпаймен көш бастап тұрса, ал қазақстандықтар 19 ұпаймен екінші орында. Бұл жекпе-жектерді Астана уақытымен таңғы 07:30-да «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстанда өткен Қазақстан медицинасының онкүндігі өтті
24.10.2025, 11:22
Алматыда «Япурай» гала-хор спектаклінің тұсаукесері өтті
24.10.2025, 09:59
СҚО-да кәсіпкер туған ауылына балбақша мен мәдениет үйін салып берді
24.10.2025, 09:57
Алматыда жауапсыз мердігерлердің «қара тізімі» құрылуы мүмкін
24.10.2025, 09:56
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин келесі аптада Оңтүстік Кореяда кездеседі
24.10.2025, 09:54
Еуропа одағы Украинаны алдағы екі жылда қаржылай қолдауға келісті
24.10.2025, 09:53
Жасанды интеллект алаяқтардың жаңа құралына айналды
24.10.2025, 09:52
Ақтөбе облысындағы жол апатына байланысты Үкіметтік комиссия мүшелеріне нақты тапсырмалар берілді
24.10.2025, 09:50