Басты Жаңалықтар Жасанды интеллект алаяқтардың жаңа құралына айналды

Жасанды интеллект алаяқтардың жаңа құралына айналды

Интернет алаяқтықтың түрі көбейіп, алдау тәсілдері күрделеніп барады. Сарапшылардың айтуынша, онлайн-қылмыскерлер жасанды интеллектті де пайдаланып, адамдарды құрығына түсірудің жаңа жолдарын меңгерген. Енді олар тек SMS пен жалған сайттар арқылы емес, адамның дауысын, бейнесін және жазу мәнерін дәл көшіріп, сенімге кіріп жатыр. Бас прокуратураның мәліметінше, биыл алғашқы 8 айда елімізде 14 мыңнан астам адам, әккілерге 6 миллиард теңгесін берген. Бұл соманың төрттен бірі ғана қайтарылған. Бұрын фейкті орфографиялық қателерден тануға болатын, қазір барлығы кәсіби түрде жасалады. Сондықтан мамандар интернетте ешкімге соқыр сенім артпауға, күмән туса тексеруге және тек ресми дереккөзге жүгінуге кеңес береді.


Бөлісу