Дональд Трамп пен Си Цзиньпин келесі аптада Оңтүстік Кореяда кездеседі
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпин келесі аптада Азияға сапарында кездеседі. Мұны Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт растады. Оның мәлімдеуінше, бүгін кешкісін Құрама Штаттар жетекшісінің Малайзия мен Жапонияға сапары басталады. Ал алдағы бейсенбіде Трамп Оңтүстік Кореяда өтетін АПЭК саммитінде сөз сөйлегеннен кейін Қытай лидерімен жүздеспек.
Айта кетсек, екі держава басшылары АҚШ пен Қытай арасында сауда соғысы күшейген шақта келіссөз жүргізбек. Трамп әкімшілігі биыл қытайлық тауарларға тарифті көтерді. Бұған жауап ретінде Бейжің Америкаға сирек металл экспортын шектей бастады.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Республика күнімен құттықтады
24.10.2025, 13:25
Еуропалық сарапшылар Республика күнімен құттықтады
24.10.2025, 13:22
Ресей мен Беларусьті 2026 жылы Паралимпиада ойындарына қатыстырмайды
24.10.2025, 13:19
Израильдің аннексиялық жоспарына Трамп қарсы шықты
24.10.2025, 13:17
Алматыда дроппер-әйел ұсталды
24.10.2025, 13:14
Ақтөбе облысында жол апатынан зардап шеккендер орталыққа жеткізіледі
24.10.2025, 13:11
Қазақстан – цифрлық технология саласында көшбасшы
24.10.2025, 13:08
Оралда «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды
24.10.2025, 13:05