Басты Жаңалықтар Алматыда «Япурай» гала-хор спектаклінің тұсаукесері өтті

Алматыда «Япурай» гала-хор спектаклінің тұсаукесері өтті

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында ел мәдениетіндегі ерекше жоба – «Япурай» гала-хор спектаклінің премьерасы өтті. Қойылымның басты мақсаты – хор өнерінің жаңа қырын танытып, оның көркемдік қуаты мен орындаушылардың шеберлігін кеңінен көрсету, - дейді шығармашылық ұжым.

«Япурай» қазақ музыкасының әсемдігін, халықтың бірлігін және тамыры тереңге бойлаған ұлттық мәдениетті паш етеді. Жоба қазақтың бай музыкалық дәстүрін заманауи технологиялармен және сахналық көркемдік шешімдермен ұштастырады. Спектакльде ұлттық классика мен халық әндері жаңа өңдеумен орындалып, көрерменге заманауи үн мен әсер сыйлады. Сонымен қатар қойылымда Абай, Шәкәрім, Әл-Фараби, Махмұд Қашқаридің даналық сөздері қолданылып, сахналық көріністердің мазмұнын тереңдете түсті. Идея авторының айтуынша, «Япурай» – ұлттық өнер мен заманауи технологияның үйлесімін көрсеткен ерекше мәдени оқиға.

Айнұр Көпбасарова, идея авторы:

Осындай 80 адамның бір жүректен шыққан әуезді ұлттық әнін, осындай мерекелік шараны күнде-күнде ести бермейміз. Сонысымен де ерекше шығар деп ойлаймыз. Және хорға қарағанда бәрі бір тәртіппен тұрады. Соған үйреніп қалғанбыз. Бұл жерде хор билейді. Ән де айтады, өздерінің актерлық шеберлігін көрсетеді.


Бөлісу