Жыр-ғұмырдың сөнгені... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыр-ғұмырдың сөнгені...

24.01.2014
Жыр-ғұмырдың сөнгені...
Болмысынан Исатай мен Махамбеттің ер мінезі байқалатын Фариза Оңғарсынованың жырларын өлеңсүйер қауым жатқа біледі.
 
Былтырғы жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша көпшілікке ақынның «Дауа» кітабы ұсынылды. Осыған орай, Астанадағы Ұлттық кітапханада арнайы кеш ұйымдастырылған болатын.
 
Сол кештен Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасы дайындаған арнайы сюжетті назарларыңызға ұсынамыз.
 
Фариза апамызға осындай шара өткізіліп жатқанын айтып, құттықтап хабарласқанымызда, бұл жаңалықты бізден естіп тұрғанын айтып, алғысын білдіріп еді...
 
«Әлібек Асқаров бауырым бастаған Ұлттық кітапхана ұжымына алғыс айтамын. Оқырмандардың менің ғана поэзияма емес, жалпы, қазақ әдебиетіне, кітапқа деген құрметтері арта берсін. Қазақтың әні мен күйі, қара сөзі мен жыры қазақ барда мәңгілік жасай береді».
 
Кеште ақын жырлары мен өлеңдеріне жазылған әндер орындалды. Енді жыл бойы елдің барлық аймағындағы кітапханаларда ақын шығармашылығына арналған шаралар өтетін болады.

Хабарламаларға жазылу