Әбдікәрім Ахметовтің туғанына – 90 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әбдікәрім Ахметовтің туғанына – 90 жыл

23.09.2014
Әбдікәрім Ахметовтің туғанына – 90 жыл

Алматыда Отан соғысының ардагері, белгілі ақын Әбдікәрім Ахметовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Толқындағы өмір» атты жыр кеші өтті.

Әбдікәрім Ахметов 1924 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Көктөбе ауылында дүниеге келген, «Екінші дәптер», «Салқын самал», «Маржандария» іспетті бірнеше кітаптың авторы.

Ақынның ерекше жыр шумақтары мен туған жер тақырыбына жазылған өлеңдерін Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенттері шабыттана оқыды. 

Жыр кешіне жиналған замандастары ақынның өміршең өлеңдеріне тоқталып, естеліктер айтты. 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

 

Хабарламаларға жазылу