Студент суда еріп кететін пакет ойлап тапты

Қазан ұлттық технологиялық зерттеу университетінің студенті Иван Захаров суда бір күнде еріп кететін экологиялық пленканы ойлап тапты, деп жазады ИТАР-ТАСС. 4
00-ден 1500 жылға дейін шірімей, жер қыртысын ластайтын қарапайым полиэтилен пакеттерден гөрі бір күнде еріп кететін пакеттер әрине әлдеқайда тиімді, әрі экологиялық таза. Яғни қазіргі біздің қолданып жүрген пакеттердің баламасына әбден жарайды.
«Пленка қарапайым крахмалдан жасалды. Сондықтан пайдаланып болғаннан кейін суға салсаңыз болғаны, ол еріп кетеді», - дейді Захаров. Қазір студент өзінің өнертабысын патенттеуді қолға алды. Бұл инновация Қазанның «Самосырово» қоқыс өңдеу кешенінің басшылары мен «Қазан экологиялық кешені» компаниясының қызығушылығын тудырып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29