Басты Жаңалықтар Жанармай бағасы бақылауда болады

Жанармай бағасы бақылауда болады

Елдегі жанар-жағар май қоры жеткілікті. Мұны жауапты министрлік хабарлады. Олар бензин бағасын да бақылауға алынған. Тіпті сыртқа тысымалдауға да тыйым бар. Көрші елдерде баға қандай?
Қазір АИ-92 маркалы бензинінің 350 мың тоннасы, ал дизель отынының 450 мың тоннасы қорда бар. «Бұл қазіргі бағаны өсірмеуге мүмкіндік береді», - дейді мамандар.
Талғат Есенгелдіұлы, ҚР Энергетика министрлігі мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті директорының орынбасары:

Еліміз бойынша 3200-ден астам автожанармай құю бекеттері бар. Әрине, өңірге байланысты станцияға байланысты мұнай өнімдерінің бағасы келесі: ең төменгі АИ-92-нің бағасы 213–229 теңге. Ал дизель отынының бағасы ең төменгі 317–337 теңге.
Ал көрші Ресейде бензин бағасы бір аптада 11 пайызға өскен. Баға тек биржада ғана емес, жанармай құю бекеттерінде де қымбаттап жатыр. Бес өңірде бензин алуға шекті лимит қойылды. Яғни, бір қолға 20 литрден артық сатылмайды. Сарапшылар болжамы бойынша, бензин бағасы алдағы айларда 4 есе қымбаттайды.
Станислав Митрахович, Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қоры мен қаржы университетінің сарапшысы:
Жанармай тапшылығының туындауына бірнеше себеп бар. Ең алдымен ол логистиканың бұзылуы, сұраныстың артуты. Сондай-ақ Ресей мұнай өңдеу зауыттарының 17 пайызы істен шыққан. Бұл өте үлкен сан. Ресей мұнай өңдеу компанияларына салық өскен. Олар амал жоқтан бағаны көтеріп отыр.
Түркия жанармайдың 90 пайызын өзге елдерден импорттайды. Дәл қазір онда бензиннің бір литрі теңгеге шаққанда 650-700 шамасында. Дизель отыны - 800 теңгеге барады. Соңғы бір жылда мұнда бензин бағасы 20 пайызға өскен.
Еркан Чилек, жүк көлігінің жүргізушісі:
Мен өз көлігіммен қала ішінде және өзге қалаларға жүк тасимын. Яғни, менің жұмысымның құны бензин бағасымен тікелей байланысты. Тұрғындар біздің қызмет құны қымбат деп шағымданады. Алайда біздің бағамыз бензин құнына байланысты болып тұр. Жанармай бағасын арзандатса, бәрімізге де оңтайлы болар еді.
Өзбекстанда АИ-92 маркалы бензиннің литрі теңгемен 510, дизель - 570 теңгеден сатылып жатыр. Айта кетейік, Өзбекстан осы уақытқа дейін АИ-80 маркалы бензинді пайдаланып келді. Дегенмен жанармай өзге елдермен салыстырғанда бізде әлдеқайда арзан. Сондықтан түрлі жолдар арқылы сыртқа тасымалдауға тыйым салынған.

Бөлісу