Басты Жаңалықтар Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті

Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті

 Бүгін қазақ өнері қара жамылды. Бар ғұмырын қазақ музыкасын зерттеуге арнаған профессор Юрий Аравин өмірден озды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қаралы хабарды жеткізіп, отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты. Юрий Аравин қазақ халық музыкасының ең танымал насихаттаушыларының бірі болды. Ол көптеген фольклорлық экспедицияларды ұйымдастырып, көне музыкалық туындыларды жаңғыртуға үлкен еңбек сіңірді. 1970-жылдары Юрий Аравин ұлттық музыка, халық композиторлары мен ақындарына арналған теле және радиобағдарламалар сериясын жүргізіп, ұлттық өнердің бай әлемін көпшілікке паш етті. Ол өз өмірін өнерге арнап, тұтас бір шығармашылық буынды тәрбиелеген ұлағатты ұстаз болды. Көрнекті мәдениет қайраткері «Парасат» және «Отан» ордендерімен марапатталған. Профессор биыл 2 сәуірде 84 жасқа толған еді.

Бөлісу