Месси УЕФА-ның жыл командасынан тыс қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Месси УЕФА-ның жыл командасынан тыс қалды

16.01.2014
Месси УЕФА-ның жыл командасынан тыс қалды
УЕФА сайты 2013 жылдың қорытындысын жариялады. Символдық құрама сайт оқырмандарының таңдауы бойынша жасалған. Дауыс беруге 6,2 миллион адам қатысқан.
 
УЕФА-ның жыл командасына «Баварияның» төрт,  (Давид Алаба, Филипп Лам, Франк Рибери, Марко Ройс) «Реалдың» үш ойыншысы  (Гарет Бейл, Криштиану Роналду, Серхио Рамос) кірді.
 
Айта кетерлігі,  құрама қатарына әйгілі футболшы Роналду сегізінші рет еніп отыр. Ал Месси биылғы тізімде жоқ.

Хабарламаларға жазылу