Елордада УЕФА конгресiнiң жұмысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада УЕФА конгресiнiң жұмысы басталды

27.03.2014
Елордада УЕФА конгресiнiң жұмысы басталды
Астанада УЕФА ұйымының кезекті XXXVIII конгресі өтуде.
 
Оған УЕФА президентi Мишель Платини, ФИФА басшысы Йозеф Блаттер, ҚР Премьер-Министрi Серiк Ахметов, сонымен қатар УЕФА ұйымына мүше мемлекеттердiң футбол федерацияларының делегациясы қатысуда. Сонымен қатар УЕФА-ның барлық комитеттерi жиында талқылаулар жүргiзедi.
 
«Қазақстанға қош келдiңiздер деймiз.  УЕФА конгресi ТМД елдерi арасында алғаш рет өткiзiлуде. Бұл шешiм Қазақстанның ФИФА ұйымына жақында ғана қосылуына қарамастан жасалды, бұл бiз үшiн үлкен мәртебе», - дедi ҚР Үкiмет басшысы С. Ахметов өзiнiң құттықтау сөзiнде.
 
Еске сала кетейік, бүгiн УЕФА-ның құрылғанына 60 жыл толып отыр. Астанадағы УЕФА конгресі ұйымның ресми сайты арқылы барша әлемге көрсетiлуде.

Хабарламаларға жазылу