Қызылордада шыны зауыты салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада шыны зауыты салынады

10.04.2015
Қызылордада шыны зауыты салынады

Қызылорда облысының 70 пайызы газбен қамтылды. Өңірде «Байқоңыр» халықаралық инвестициялық форумының аясында газ құбыры жобасы аяқталды.

Бұл туралы бүгін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев мәлімдеді.

Оның айтуынша, жалпы, 2013 жылдан бастап өткізілген төрт форумның нәтижесінде 500 миллиардтан астам қаражат тартылған.

Оның 200 миллиарды инфрақұрылымды дамытуға, ал, 300 миллиарды шыны зауыты, құрылыс материалдарын шығаратын зауыт салуға жұмсалады.

Сонымен қатар, облыста индустрия саласын қамтитын металлургия кластері құрылмақ.

 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу