Қызылордада келер жылы сода зауыты салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада келер жылы сода зауыты салынады

16.11.2017

Қызылордада «Байқоңыр» инвест форумы өтуде. Шетелдік инвесторлармен әріптестік байланысты нығайтып, экономиканы әртараптандыру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын шараға биыл Қытай, Ресей, Иран, Түркия, Оңтүстік Корея, Польшадан делегация келді. Бес секция бойынша «Қазақстан-Ресей», «Қазақстан-Қытай», «Қазақстан-Өзбекстан», «Қазақстан-Иран» мемлекеттері арасында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған келіссөздер жүргізілді. Алдағы уақытта осы елдермен ынтамақтастық артып, тығыз байланыс орнайды. 16 меморандумға қол қойылды. Бұған дейін форум аясында 100-ден астам келісім жасалып, нәтижесінде аймаққа 100 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Оның ішінде шыны, цемент, ферроқорытпа зауыттары секілді үлкен инвестициялық жобалар  бар. 

Юсефи Баханджиди, Ираннан келген өкіл:

- Иранда 3,5 миллион гектар күріш егіледі. Бірақ, халықтың көп болуына байланысты ол бізге жеткіліксіз. Сондықтан, парсы елі жыл сайын 2,5 миллион тонна күрішті сырттан сатып алады. Осы орайда біз Қызылордамен тығыз байланыс орнатып жатырмыз. Осында Иран күрішін егіп, өсіріп, оны сатып алу бойынша келісімге келдік.

Динг Чао Ран, «Аралсода» Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны басқармасының  төрағасы:

- Біз Қызылордада сода шығарамыз. Өндіріс орнының құрылысы келер жылдың екінші жартысында басталады. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 280 миллион доллар. Оның 80 пайызы Қазақстанның үлесінде болса, Қытай 20 пайызын қаржыландырады.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу