Сталиннің ескерткішін құлатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сталиннің ескерткішін құлатты

02.01.2014
Сталиннің ескерткішін құлатты
Грузияның Телави қаласындағы Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болғандарды еске алуға арналған мемориалды тақтаның жанына орнатылған Иосиф Сталиннің ескерткіші алынып тасталды.
 
Гразиялық БАҚ-тар хабарлағандай, ескерткішті алып тастауды жергілікті әкімшілік шешкен. Әкімдік заңсыз орнатылған ескерткішті бөлшектеп, одан басқа зат жасап шығаруға тендер жариялады.
 
«Сталинист» қоғамдық ұйымының жетекшісі Шота Лазариашвили жергілікті биліктің бұл әрекетін вандализм деп атады. «Үкімет келеді де кетеді, ал Сталин қалады», - деп мәлімдеді ол.
 
Сталиннің ескерткіші өткен жылдың 1 қыркүйегінде салтанатты түрде ашылған. Оған жоғарыда аталған қоғамдық ұйым мен Грузияның Арадагерлер одағы мұрындық болды. Алайда, соңынан белгілі болғандай, ескерткіш заңсыз, ешқандай рұқсатсыз орнатылған екен.

Хабарламаларға жазылу