Одесса облысында Ленин ескерткішін қаққа бөліп тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Одесса облысында Ленин ескерткішін қаққа бөліп тастады

05.01.2014
Одесса облысында Ленин ескерткішін қаққа бөліп тастады
Украинаның Одесса облысында белгісіз біреулер Ленин ескерткішін орнынан алып тастаған, деп хабарлайды BBC.
 
Оқиға Николаевский ауданындағы Андреево-Иваново ауылында болған. Белгісіз біреулер Ленин ескерткішін екіге бөліп тастаған. Бұл дерек бойынша мәдени немесе тарихи ескерткіштерге зақым келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалған.
 
Бұл соңғы уақыттағы Одесса облысында Ленин ескерткішіне жасалып отырған екінші вандализм. 2013 жылдың 9 желтоқсан күні Котовск қаласында белгісіз біреулер теміржолшылар клубының алдындағы ескерткішті құлатып тастаған.
 
Сонымен қатар, 8 желтоқсан күні Киевтегі Бессараб алаңындағы Ленин ескерткішін шеруге шыққандар құлатып тастады.

Хабарламаларға жазылу