Түркістан облысы Шардара ауданының орталық ауруханасында Ахуал орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысы Шардара ауданының орталық ауруханасында Ахуал орталығы ашылды

02.04.2019

Бұл жүйенің артықшылығы - дәрігердің науқасты қарау уақытын, медициналық көмек сұрап келгендердің санын онлайн режимде біліп отыруға болады. Сонымын бірге, науқастардың диагноздарын, дәрігерлердің үйге шақыртуларына уақытылы баруын, патронажды және т.б. қызмет түрлерін бақылауға мүмкіндік бар.

Бірыңғай ахуал орталығы арқылы дәріханалардағы дәрі-дәрмек қоры мен басқа да ресурстар қадағаланады. Жинақталған мәліметтер, әр аптада сарапталады. Оған қатысты шешімдер қабылданады. Бір сөзбен айтқанда, жаңа жүйе дәрігерлік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталып отыр. Ахуал орталығы ендігі жерде облыстағы өзге де медициналық емдеу мекемелеріне орнатылмақ.

Жанар Оспанова, Шардара аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:

- Қай ауданда медицина бойынша өзекті мәселелер бар, қызмет көрсету жағдайы бойынша ма, құрал жабдықтардың аздығының әсері ме немесе мамандардың біліктілігінің әсерінен болып жатыр ма? Міне, осының бәрін дер кезінде шешімін табуға, медициналық қызмет сапасын көтеруге үлкен мүмкіндік береді.

Ғани ҚАЛМАХАН

Хабарламаларға жазылу