Астанада аутоиммунды аурулар жайында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада аутоиммунды аурулар жайында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

27.03.2018

Аутоиммунды аурулар. Көпшілік біле бермейтін, бірақ адам өміріне өте қауіпті дерт. Бұл ауруға шалдыққандардың ішінде әр екінші науқас көз жұмады екен. Дәрігерлер аталмыш дерттен шипа іздеп шарқ ұруда. Сондай-ақ, аутоиммунды аурулар жайында адамзатты мейлінше хабардар ету керек екенін айтады.

Осындай мақсатпен Астанада халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Германия, Ресей, Оңтүстік Кореяның ғалымдары да қатысып, ақ халаттылар ажал әкелетін ауруды алдын алудың жолдарын іздестірді. Өкінішке қарай, бұл дертті дер кезінде анықтау қиын екен. Толыққанды емдеп шығу да оңай емес.

Ризван Алекперов, Медицина ғылымдарының докторы (Ресей Федерациясы) :

Бүкіл әлем үшін бұл сырқат өзекті болып тұр. Өйткені, бұл дерттің толыққанды шипасы әзірге жоқ. Бұл ауруға шалдыққан адамның бірте-бірте барлық он екі мүшесі сыр бере бастайды. Дертті алдын ала анықтау қиындау болғандықтан, науқастардың 55 пайызы оны жеңе алмай, өмірден өтеді. Сондықтан, біз барлық әлемнің назарын осы ауруларға аударғымыз келіп отыр.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу