Үш айда 5 мың бала инфекциялық ауруларға шалдыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш айда 5 мың бала инфекциялық ауруларға шалдыққан

16.03.2017

Күздің аяғы, қыс айлары мен көктемнің басы маусымдық жұқпалы аурулар көбейетін кезең. Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасына былтыр 25 мың бала түссе, биылғы екі жарым айдың ішінде түрлі инфекцияға шалдыққан 5 мыңға тарта бала емделіп шықты.

Сондықтан, дәрігерлер ата-аналарға дерттің алдын алуға кеңес береді. Өйткені, аурудың алғашқы белгілеріне мән бермей, өз бетінше емделе салуды ойлап, асқындырып алатындар аз емес.

Мирас МҰҚАШ 

Хабарламаларға жазылу