Елімізде ауруға шалдыққан балалардың арманын орындайтын жоба басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ауруға шалдыққан балалардың арманын орындайтын жоба басталды

09.06.2022

Елімізде 3-14 жас аралығындағы ауруға шалдыққан бүлдіршіндердің арманын орындау мақсатында «Армандар ағашы» жобасы жүзеге асырылып жатыр. «Медицина жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйтқы болуымен былтыр 117 баланың арманы орындалған. Енді «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» гранты аясында жоба ауқымын кеңейіп, еліміздің 17 аймағында жүзеге асырмақ. Жобаға мемлекет тарапынан 25 миллион бөлінді. Жыл басынан бері 320 науқастан өтініш түскен. Ауыр ауруға шалдыққан бүлдіршіндерге бала армандарын онлайн тіркеу мүмкіндігі де бар.

Әбдірәш Абылайхан, «Медицина жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Біз акцентті жазылмайтын онкологиялық ауруларға, ДЦП және даун ауруларға, түрлі спастикалық және паралитикалық аурулары бар ауқастарға көңіл бөлеміз. Қосымша спонсорлар мен медсенаттарды, басқа да ерікті, қайырымды жандарды жобамызға тартып отырамыз.


Хабарламаларға жазылу