Сирек кездесетін ауруларға қажет дәрілердің тізімі артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирек кездесетін ауруларға қажет дәрілердің тізімі артты

31.08.2022

Қазақстанда сирек ауруларға шалдыққан балаларды емдеуге арналған препараттардың тізімі кеңейтілді. Қазір оған төрт орфандық ауру мен 19 жаңа дәрі-дәрмек енгізілді. Лейкоз, эпилепсия, нейробластома, С жұқпалы гепатит секілді созылмалы аурулармен ауыратын екі мың балаға амбулаторлық деңгейде ем-дом көрсетіледі. Денсаулық сақтау министрлігі бүгінде 26 орфандық ауруларға шалдыққан 13 мыңдай науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп, жергілікті бюджет есебінен орфандық дертке шалдыққан екі мыңдай бала қажетті көмек алғанын атап өтті.

Хабарламаларға жазылу