Көкшетау: Коронавируспен ауырған соңғы науқас жазылып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетау: Коронавируспен ауырған соңғы науқас жазылып шықты

05.04.2022

Көкшетаудағы жұқпалы ауруларға қарсы орталықтан коронавируспен ауырған соңғы науқас жазылып шықты. Ақмола облысындағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды Ермек Елберген тікелей байланысқа шығып баяндауға әзір.
Ермек Елберген, тілші:
Көкшетаудағы жұқпалы ауруларға қарсы орталықта соңғы күнде бір-ақ науқас болатын. Ол коронавирус инфекциясынан айығып шықты. Қазіргі уақытта Ақмола облысында медицина мекемелерінде ковид-19-дан емделіп жатқан бірде-бір науқас жоқ. Ауруханаларда арнайы ашылған стационарлар жабылды.
Нариман Сыздықов, Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Бүгінгі таңда Ақмола аймағы коронавируссыз аймағы деп айтуға болады. Медицина қызметкерлеріне көп рахмет айтамын. Өйткені бүгінгі дәрежеміз тек қана сіздің жұмыстарыңыздың арқасында.
Ал Көкшетаудағы жұқпалы ауруларға қарсы орталық пандемия кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеу үшін арнайы салынған болатын. Енді денсаулық сақтау мекемесі өзге де жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастарды емдеумен айналыспақ.

Айта кету керек, Ақмола облысында осы айда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелген жоқ.
Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу