Ақтөбеде екі мыңға жуық адам Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы саябаққа жиналды.
Оқушылар мен студенттер қаз-қатар тізіліп дене шынықтырды. Зейнеткерлер де жастардан қалысқан жоқ. Буын жаттығуларын жасап, «Денсаулық саябағында» дәрігерлердің түрлі тексеруінен өтті.
«Белсенді өмір- жүз жастық ғұмыр» деген ұран тастаған ардагерлер жастарды салауаттылыққа шақырды. Спорт шеберлері мен чемпиондар оқушыларға өздері қалаған спорт түрімен шұғылдануға кеңес берді.
Белсенді өмір сүруге әрқашан қолдау бар. Бұл – салауатты өмір салтын ұстанатын жастардың артып келе жатқанының дәлелі.
Әлия ТАЛАСОВА