Бүгін - Дүниежүзілік донорлар күні

Осыған орай, Астанадағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында «Аналарымыздың өмірін сақтап қалу үшін қауіпсіз қан» атты мерекелік іс-шара өтті. Оған жыл бойы үздіксіз қан тапсырып, талай адамның өмірін сақтап, септігін тигізген белсенді донорлар қатысты.
Ал, аталған мекеменің ұжымы «Өмір беретін адамдар үшін қан тапсырыңыз» деген ұранмен ана өлімінің алдын алу және бала денсаулығын сақтауға қол ұшын берген ақысыз донорларды арнайы құрмет қағаздарымен марапаттап, сый тарту етті. Десек те, «Атаулы күннен кейін де қанға деген зәрулік бітпейді. Біз денсаулығымыз жақсы болса, әркезде қан тапсыруға әзірміз», - дейді донорлар.
Кенжебай Тілеубайұлы , №0112 Әскери бөлімі Медицина қызметі басшысының міндетін атқарушы:
Ана өмірін сақтау, қауіпсіз қан деген тақырып болғандықтан, Елбасының Жолдауында айтылғандай, ана өміріне, анаға деген қамқорлық халық арасында ерекше болуы керек. Сондықтан, біз №0112 Әскери бөлімінің ұжымы осындай қайырымдылық, адамгершілік іске әрқашанда қатысуға дайынбыз.
Алмат ӘБДІРАМАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қазақ мәдениетінің жауһарлары көпшілікке ұсынылды
16.09.2025, 17:45

Оралда «Таза Қазақстан» акциясы аясында көліктер тексерілді
16.09.2025, 17:42
Сырдария өзені жыл сайын суалып барады
16.09.2025, 17:40
Агробизнесті қолдау жоспары әзірленеді
16.09.2025, 17:34
Қолданбалы ғылымға қолдау қажет
16.09.2025, 17:31
Қызылорда сақшылары қоғамдық тәртіпті дронмен қадағалайтын болды
16.09.2025, 17:26
Дропперлерге жаза күшейеді
16.09.2025, 17:23
«Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін 40 мың адам көрді
16.09.2025, 17:20