Астаналық ұстаздар мерекеге орай пәтерге ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық ұстаздар мерекеге орай пәтерге ие болды

05.10.2018

«Қалдырған ізің мәңгілік». Осындай атаумен «Қазақстан» орталық концерт залында үлкен мерекелік шара өтті. Қазан айының бірінші жексенбісі аталып өтетін ұстаздар күні аясындағы концертке жас мұғалімдермен қатар, білім беру саласының ардагерлері де шақырылған. Концерт барысында Білім және ғылым министрлігі тағайындаған білім беру ісінің құрметті қызметкері және Ыбырай Алтынсарин төсбелгілері табысталды. Астаналық ұстаздар қауымы үшін ең басты сыйлық қалалық әкімдік тағайындаған 10 пәтердің кілті болды.  

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу