Қызылордада медицина саласының мамандары облыс әкімінің қолдауымен 500 мың теңге сыйақыға ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада медицина саласының мамандары облыс әкімінің қолдауымен 500 мың теңге сыйақыға ие болды

19.06.2015
Қызылордада медицина саласының мамандары облыс әкімінің қолдауымен 500 мың теңге сыйақыға ие болды

«Басы ауырып, балтыры сыздағандарды» көріп қарап отыруға болмайды, әрекет ету қажет. Алғашқыда қолынан келгенше, шама-шарқынша тиісті медициналық көмекті көрсетті, онан кейін жалпы практикалық дәрігер болды.

Жаяулап-жалпылап, кейде мотоциклмен науқастарға қол ұшын созып, өмірінің арашашысы болып жүрген жан кәсіби мерекеге орай құрметке ие болды. Еңбек еленді. 

Дәл осындай өз ісінің нағыз маманы ретінде ерекшеленген өзге де дәрігерлер бүгін арнайы марапатқа ие болды.

Сондай-ақ, мерекеге орай 5 медицина саласының қызметкері облыс әкімінің қолдауымен 500 мың теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды.

Өмірдегі ең ізгі мамандық иесі дәрігерлер бұл қошеметтің халықтың құрметі мен сенімі және өздеріне артылған үлкен  жауапкершілік деп  түсінеді.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу