Сенбі күні жоғары оқу орындарындағы грант иегерлері белгілі болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенбі күні жоғары оқу орындарындағы грант иегерлері белгілі болады

01.08.2018

Тізім Республикалық баспасөз құралдарында жарияланады. Бұл туралы білім грантын тағайындау бойынша республикалық комиссияның жиынында айтылды. Биыл 75 мың 500 түлек ұлттық бірыңғай тестілеуден төменгі шекті балды жинаған. Ал, грант саны 53 мыңнан асқан. Тегін білім алу мүмкіндігі әсіресе, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша техникалық мамандықтарға бөлінді. Алдағы уақытта гранттарды тағайындау принципінде өзгерістер де болуы мүмкін. Қазір бірқатар ұсыныстар талқыланып жатыр. Яғни, мемлекет жеңілдігін тағайындауда мамандарға деген сұраныс ескеріледі. 

Рахман Алшанов, Жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы:

- Ауыл шаруашылығы мамандарына 30 пайыз ауылдан келген балалар түсіп жатыр. 70 пайыз барлығы қатысады. Соған байланысты біз пропорцияны басқаша қойсын деп отырмыз. 30 пайыз қала және басқа келгендер. Ауылдан келген балалар 70 пайыз болсын деп.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу