Мемлекеттік білім гранты иелерінің есімі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік білім гранты иелерінің есімі белгілі болды

10.08.2022

Мемлекеттік білім гранты иелерінің есімі белгілі болды. Тізім БАҚ-та жарияланды. Сондай ақ кез келген адам Ұлттық тестілеу орталығының grant.testcenter.kz сайтынан қарай алады. Биыл конкурсқа 80 мыңдай талапкер құжат тапсырған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңға артық. Бөлінген грант саны 75 мыңнан асады. Президент тапсырмасымен «Атырау-Маңғыстау» бағдарламасы аясында он мың грант тағы бар. Түлектердің басым бөлігі педогогика, медицина мен техникалық мамандықты таңдаған. Жоғары оқу орындарына құжат тапсыру 25 тамызға дейін жалғасады. Егер, грант иегері атанған талапкер академиялық адалдықты сақтамағаны анықталса, грант қайтарылады. Жалпы,тексеріс жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады. Сондай-ақ, талапкер гранттан бас тарта алады. Ол артылған гранттармен қоса қайта бөлінеді.

Ержан Әмірбекұлы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің департамент директоры:

Тамыз айында да бұл жұмыс жалғаса беретін болады. Артылған гранттарды әрі қарай бөлу тиісті бағыттары бойынша, тапшылық байқалған жағдайда және гранттан бас тарту жағдайлары тіркелген жағдайда гранттарды бөлу жұмыстары әрі қарай жалғаса беретін болады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу