Жоғары оқу орындарындағы ашық сауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғары оқу орындарындағы ашық сауда

01.09.2019

Қазір сапалы білім алудың маңызды екенін түсінген жас аз емес. Көбі дамыған мемлекетте оқығысы келеді. Себебі біреу – біздің университеттердің басым көбі олар қалаған білімді бермейді. Ал оларға өтірік диплом керек емес. Бірақ құнсыз диплом алуға деген құлшыныс та азайған жоқ. Әйтеуір диплом болуы керек деген пайым өлмеген. Себебі котировкаланады. Тиісінше, коррупция... Бұл екі системаның айқасы сияқты.

Оқу-білім саласындағы жемқорлықтың да кесірінен «қартадан» тұрғызылған үйде өмір сүреміз. Бірақ кірпіш немесе монолит, болмағанда қамыстан тұрғызылған үй болып елестейді. Бәріміз «балаларымыз бізден артық, бізден озық мемлекетте өмір сүрсе» деп фейсбукте қиялдағы қазанды сапырып-сапырып қоямыз. Қолындағы жалған құжаттарды отқа тастауға батылы жететіндер бар ма?

Хабарламаларға жазылу