Жоғары оқу орындарындағы жемқорлық жойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғары оқу орындарындағы жемқорлық жойылады

19.03.2014
Жоғары оқу орындарындағы жемқорлық жойылады

Жоғары оқу орындарында енді «жең ұшынан жалғасу» азаяды. Білім ошақтарындағы сыбайлас жемқорлықпен күреске оқу орындары басшыларының өздері кіріспек.

 
Бүгін Ақмола облысындағы Қаржы полициясы академиясында осы тақырыпта халықаралық конференция басталды.
 
Қатысушылардың айтуынша, жемқорлықпен күресте бізге оңтайлысы -  шведтік тәсіл. Өйткені, Швеция бүгінде жемқорлықты түбірімен жойған алғашқы үштікке кіреді.
 
Ал, Қазақстан парақорлық жайлаған 180 елдің соңғы қатарында. Жиында аталған елмен тәжірибе алмасу мәселесі қаралып, арнайы құжаттар қабылданды.
 
Рахмет Қарымсақов, Қаржы полициясы академиясы Жедел іздестіру қызметі және әкімшілік тәжірибе кафедрасының бастығы:
Сыбайлас жемқорлық тек құқықбұзушылық емес, қазіргі кезде ұлттық қауіпсіздігімізге қатерін төндіріп отыр. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмысқа бүкіл халық болып кірісуіміз керек.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу