Түркістан облысы бойынша биылғы ҰБТ сынағында ең жоғары баллды сарыағаштық Ақерке Тастан жинады. Көктерек ауылындағы И.Панфилов атындағы орта мектептің түлегі 140 сұрақтың 139-на дұрыс жауап берген. Ақерке білім ұясында 11 жыл бойы үздік оқыған. Ұстаздары мен ата-анасының үмітін ақтаған ізденімпаз әрі талапты оқушыға Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев айрықша құрмет көрсетті. Жалпы, биыл аудан бойынша Ұлттық бірыңғай тест сынағына 2650 оқушы қатысты. Оның 141-і «Алтын белгі» иегері болса, 149-ы «Үздік аттестат» алды. Олардың ішінде оқу жылында түрлі білім сайыстарына қатысып, жоғары оқу орындарының грантын аkдын ала жеңіп алғандар да бар.
Ақерке Тастан, мектеп түлегі:
- Дайындықты 9-сыныптан бастадым. ҰБТ-ға кіретін кезде ешқандай қобалжу болған жоқ. Себебі, өзіме сендім. Негізі, 140-тан 140 жинаймын деп ойладым. Медициналық университетке түскім келеді.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.