Қаңтардағы ҰБТ: 5 талапкер 139 балл жинады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтардағы ҰБТ: 5 талапкер 139 балл жинады

13.02.2023

Қаңтар айында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуде 5 талапкер 139 балл жинады. Жалпы білім сынағын 123 мыңға жуық талапкер тапсырды. Олардың 102 мыңы шекті балды жинады. Сынақ тапсырғандар арасында жоғары оқу орындарына шартты негізде қабылданғандар, шығармашылықтан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер бар. Биыл ҰБТ-ға енгізілген өзгерістердің бірі – Қазақстан тарихынан берілетін сұрақтар 20-ға көбейтілді. Осыған дейін 15 болатын. Ал оқу сауаттылығы бойынша 20 сұрақ керісінше 15-ке азайтылды.

Руслан Емелбаев, ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

2023 жылы талапкерлер жалпы ҰБТ-ны 5 рет тапсыру мүмкіндігіне ие. Қаңтар, наурыз және тамыз айларында ақылы негізде оқу үшін. Және басты негізгі грант ҰБТ мамыр, маусым айларында өтеді. Биылғы жылы да ереже деңгейінде осы негізгі ҰБТ-ны талапкерлерге 2 рет тапсыру мүмкіндігі беріліп отыр.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу