Елордада Нобель академиясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Нобель академиясы ашылды

23.05.2015
Елордада Нобель академиясы ашылды

Астанада жаңадан ашылған Нобель академиясы өкілдігі мектеп оқушыларына бес грант бөліп отыр.

Бұл туралы бүгін журналистермен өткен баспасөз маслихатында Людвиг Нобельдің шөбересі - Филлипп Нобель мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндігін пайдалана отырып, кез келген азаматтың білім алу жолдарын жетілдіру керек. Осы проблеманы бірден-бір шешу жолы ол қашықтықтан оқыту идеясы. Әлемнің ең беделді оқу орны білім нәрімен сусындағысы келген тәлімгерлерді қабылдайды.

Сондай-ақ, Нобель академиясы екінші жоғары білім аламын, магистратурада оқимын, біліктіліктігін арттырамын деген азаматтарды да қабылдайды.

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу