Нобель сыйлығымен марапаттау апталығы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нобель сыйлығымен марапаттау апталығы ашылады

06.10.2014
Нобель сыйлығымен марапаттау апталығы ашылады

Бүгін Швецияда физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерінің есімін атаумен 113-ші Нобель сыйлығымен марапаттау апталығы ашылады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Жақын күндері басқа номинациялар бойынша сыйлық лауреаттарының аты-жөндері белгілі болмақ. 7 қазанда Стокгольмде физика жөніндегі Нобель комитетінің, ал 8 қазанда химия жөніндегі комитетінің шешімдері жарияланады. 10 қазанда Ослода әлем сыйлығының лауреатының есімі жұртшылыққа паш етілмек. Швеция банкі 1968 жылы тағайындаған «Нобельдің құрметіне экономика бойынша сыйлықтың» иегері 13 қазанда анықталады. Нобель комитеті әдебиет саласындағы сыйлықты тағайындайтын швед академиясы әзірге марапаттау рәсімінің қашан өтетінін мәлім етпеді, әдетте ол қазан айының бір бейсенбісіне жоспарланатын.

Альфред Нобель физиология және медицина бойынша лауреатты таңдауды 1810 жылы ашылған және қазіргі уақытта әлемнің жетекші медициналық білім және ғылым орталықтарының бірі болып табылатын Стокгольмдағы Каролин институтына өсиет еткен еді. Ондағы Нобель комитетінің тұрақты бес мүшесі бар, олар өз кезегінде кеңесу үшін бұл іске сарапшыларды да тарта алады.

Нобель комитеттерінің ешбірі әзірге бұл сыйлықты алуға үміткерлер туралы ешқандай мәліметті жария етпеді.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу