Абай күні: Зиялы қауым өкілдері ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай күні: Зиялы қауым өкілдері ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

10.08.2023

Бүгін Абай Құнанбайұлының туған күні. Зиялы қауым өкілдері Астанадағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы ақынға құрмет көрсетті.

Мерекелік концертте ұлы ақынның өлеңдері оқылды. Елордада ұйымдастырылған мәдени іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтар Абайдың шығармашылығымен тереңірек танысуға мүмкіндік алды. Осыдан 3 жыл бұрын 10 тамыз «Абай күні» деп аталып, мерекелік күнтізбеге енгізілген еді. Айт кетейік, Ақынның 175 жылдық мерейтойында Еуразия ұлттық университеті жанынан Абай академиясы құрылып, Елордада Абай атындағы мектеп ашылды.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу