Ж.Тәшеновтің 100 жылдық мерейтойына арналған пікірсайыс турнирі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ж.Тәшеновтің 100 жылдық мерейтойына арналған пікірсайыс турнирі өтті

18.04.2015
Ж.Тәшеновтің 100 жылдық мерейтойына арналған пікірсайыс турнирі өтті

Алматыдағы Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетінде көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеновтің 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Жұмабек Тәшенов 1915 жылы 20 наурызда Ақмола облысы Аршалы ауданы Бабатай ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. «Елімнің мүддесі үшін қияметке болса да дайынмын» деген жолбарыс жүректі қазақтың қайсар ұлы саналы ғұмырын Алты Алаштың мүддесіне, елі мен жерінің тұтастығына арнады. Зейнет демалысына шыққаннан кейін де «Қаракөл» ғылыми зерттеу институтында жауапты қызметтер атқарды.

Құлмахан САЛЫБЕК

Хабарламаларға жазылу