Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ІІІ «Еуразия Барысы» турнирін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ІІІ «Еуразия Барысы» турнирін тікелей эфирде көрсетеді

08.10.2015
Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ІІІ «Еуразия Барысы» турнирін тікелей эфирде көрсетеді

Ертең, 9 қазанда, Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі өтеді. Оған 8 мемлекеттен 56 спортшы қатысады деп күтілуде. Белдесулер 55, 66, 74, 82, 90, - 100, +100 келі салмақ дәрежелері бойынша өтеді.

Додада Грузия, Қырғыз Республикасы, Польша, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Моңғолия және Қазақстан құрамаларының палуандары командалық құрамда белдеседі. Турнирдің жалпы жүлде қоры 18 800 000 теңгені құрайды.

Биылғы қазақ күресінің бәсекесі Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Айта кетейік, үшінші рет өткелі отырған «Еуразия Барысы» жарысын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ертең, 9 қазан, сағат 11:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу