«Еуразия Барысы-2015». Грузия палуандары Моңғолия құрамасын 4:3 есебімен жеңді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуразия Барысы-2015». Грузия палуандары Моңғолия құрамасын 4:3 есебімен жеңді (ВИДЕО)

09.10.2015
«Еуразия Барысы-2015». Грузия палуандары Моңғолия құрамасын 4:3 есебімен жеңді (ВИДЕО)

Тараздағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі өтуде.

Биылғы жарысқа 8 мемлекеттен 56 спортшы қатысуда. Белдесулер 55, 66, 74, 82, 90, - 100, +100 келі салмақ дәрежелері бойынша өтуде.

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған турнирде бозкілемге алғашқы болып Грузия мен Моңғолия палуандары шықты. Тартысты өткен кездесуде Грузия спортшылары 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Еуразия Барысы» жарысын тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Хабарламаларға жазылу