Корея Республикасының Елшісі Денис Теннің қазасына байланысты көңіл айтты

20.07.2018

Редакциямызға Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Ким Дэ Сиктен хат келіп түсті. Елші өз елінің үкіметі және халқы атынан марқұмның отбасы мен туыстарына, бүкіл Қазақстан халқына және жанкүйерлеріне көңіл айтады. Хатта Денистің Кореяның тарихи батыры генерал Мин Гын Хоның ұрпағы екені айтылған. «Біз Қазақстан халқының мақтанышы және Корея халқының жақын досы Денис Теннің жарқын бейнесін жүрегімізде мәңгі сақтаймыз», делінген хатта. 

 

Маралбек САҒЫНҒАНОВ

Хабарламаларға жазылу