Биатлоншылар із қуу сайысына жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биатлоншылар із қуу сайысына жолдама алды

10.02.2018
Биатлоншылар із қуу сайысына жолдама алды

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында әйелдер арасында 7,5 шақырымдық спринт жарысы басталды. Аталған сында Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина Райкова, Дарья Климина сынға түсіп, Галина Вишневская мәреге 22:52,2 уақыт дәрежесімен жетіп, көздеп атыу сәтінде 2 қателік жіберіп 30 орыннан көрінді.

Ал, сайысты 43 нөмерімен бастаған Ольга Полторанина да ату сәтінен 2 қателікпен мәреге 23:59,6 минут уақытта жетті. Жалпы есепте 63 орннан тұрақтады. Жарыс жолына 73-і болып шыққан Алина Райкованың көрсеткіштері көздеп ату сәтінде 3 мәрте жасап, мәреге 23:33,8 уақыт көрсеткішімен 71 орынға тұрақтады.

Жарыс жолына қазақстандық биатлоншылардан соңғы болып шыққан Дарья Климина да көздеп ату сәтінен бірнеше қателіктер жіберіп алып, айып алаңын айналып өтуіне тура келді. Ол мәреге 23:47,7 минут көрсеткішімен келіп, жалпы есепте 58 орынға тұрақтады. 

Айта кетейік, аталмыш сайыста үздік үштікке германиялық Лаура Дальмайер, норвегиялық Марте Ольсбру және чехиялық Вероника Виткова енді. Ал, үздік 60-қа енген спортшылар із қуу сайысана тікелей жолдама алады. Демек, із қуу сайысында  Галина Вишневская мен Дарья Климина бақ сынайтын болады.

Аталмыш сайысты  «Qazsport» арнасы тікелей эфирде көрсеткен болатын

Хабарламаларға жазылу