Азиада-2017. Галина Вишневская екінші алтын жүлдеге қол жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азиада-2017. Галина Вишневская екінші алтын жүлдеге қол жеткізді

24.02.2017
Азиада-2017. Галина Вишневская екінші алтын жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында тағы бір медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Вишневская әйелдер арасындағы 10 шақырымға із қуу жарысында үздік болды. 

Еске салайық, Вишневская Қазақстан қоржынына 7,5 шақырымға спринтерлік жарыста алтын медаль алған еді. Сондай-ақ, бүгін ерлер арасында із қуу жарысында қазақстандық Ян Савицкий күміс жүлде алған болатын.
 

Хабарламаларға жазылу