Павлодарда «Парасатты полицей» байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Парасатты полицей» байқауы өтті

26.09.2014
Павлодарда «Парасатты полицей» байқауы өтті

Мемлекеттік тілді білу – полиция қызметкерінің парасаттылығын айғақтайтын басты талаптың бірі, - деп санайды тәртіп сақшылары.

Олар біліктіліктерін сынау үшін арнайы байқау өткізді. Оған облыс, қала, аудандардағы жеке құрамдардан арнайы командалар жасақталды.

Айта кетерлігі, полиция мамандары арасында тілге шешен, ұлттық салт-дәстүр, жоралғыларды жақсы білетіндері көп болып шықты.

Тіпті, суырып салма ақындар мен әнші, жыршылар да бар. Олардың бірқатары Қостанайда өтетін Республикалық «Парасатты полицей» сайысына жолдама алды.

Болат АМАНБАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу