Жаһанды жайлаған дағдарыс экономикасы әлжуаз елдерді аяқтан шала бастады.
Молдова валютасы - лей өткен жылы 20 пайызға құнсызданған. Ал, 2015 жылдың басынан бері тағы 25 пайызға құнын жоғалтты.
Соның салдарынан қазір ел тұрғындары қолда бар қаражаттарына жаппай азық-түлік пен күнделікті күнкөріске қажетті заттарды сатып алуда.
Сауда орталықтарында ұзын-сонар кезектер пайда болған.
Молдованың Ұлттық банкі экономиканы құзға құлатпас үшін салықты өсіріп, несиенің пайыздық үстемақысын еселемек.
Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ